Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Түлкібас ауданына іссапарында зауыт жұмысымен танысты. Биыл әкімдік қолдауымен «GRAND FLOUR INDUSTRY» ЖШС — мен серіктестік шикізатын өндіру бойынша келісімшартқа тұрған кәсіпорын қарқынды жұмыс істеуде.
– Біздің басым бағытымыз – өндіріс орындарын ашу, инвестиция тарту. Кәсіпкерлік арқылы мемлекет дамиды. Сондықтан осы салаға қолдау көрсетіп, жұмысты жандандырған жөн, – деді Дархан Сатыбалды.
Жергілікті кәсіпкерлер субсидия, жеңілдетілген несие алып, бизнесін кеңейтіп жатыр. Пандемия кезінде тұралап қалған кәсіпорындар жұмыстарын жандандырды. Әкімдіктің қолдауымен түрік инвесторлары қаржы құйған «Azia Food Company» ЖШС биыл қайта іске қосылған. Ұн диірмен кешені жылына 36 мың тоннаға дейін бидай өңдеуге қауқарлы.
Сондай-ақ бұл аумақта ұн комбинаты, 2 консерві зауыты, әк зауыты жұмыс істеп тұр. Өз өнімдерін таныстырған кәсіпкерлер жеңілдетілген несие алып, бизнестерін кеңейте бастаған. Жергілікті кәсіпкер 7 гектардан жиналған патиссон (табақша тәрізді асқабақ) жемісіне деген сұраныстың жоғары екенін жеткізді. Таулы аймақта ғана өсетін дәруменге бай өсімдік Түлкібас ауданында өсіріле бастаған.
Түлкібас ауданында 32 кәсіпорын жұмыс істеп тұр. Биыл ауданда шағын орта бизнес саласындағы кәсіпорындар саны 10 мыңға жетіп, жаңадан 12 720 жұмыс орны ашылды.
Түлкібас ауданы импорт сапасы жөнінен теңдесі жоқ жеміс-жидек жеткізушілердің бірі. Бұл жергілікті нарықтан тек сырттан әкелінетін өнімді ығыстырып шығарып қана қоймайды, оңтүстіктегі өнімді басқа өңірлерге экспорттауға да мүмкіндік береді.
23 маусым – Қазақстан полициясы күні мерекесіне орай Ордабасы аудандық полиция бөлімінің ұжымы ішкі істер саласына ұзақ жылдар адал қызмет еткен ардагер, зейнеткер Ғазиза Шәмекқызы Изтілеуованы арнайы құттықтап, құрмет көрсетті. Бұл – ел тыныштығын күзеткен […]
Бүгін «Шипа» жобасы бойынша Түркістан облысының аудан қалаларындағы 300 мұқтаж отбасына дәрі-дәрмек қобдишасы жіберілді. «Nur Otan» партиясы фракциясының депутаттары мен кәсіпкерлердің бұл көмегін «Jas Turkistan» еріктілер клубы мен аудандардағы «жасотандықтар» және жастар ресурстық орталығының […]
Биылғы жаңа заңнамаға сәйкес, мүлік салығы Түркістан облысы бойынша тек Түркістан каласында ғана өсіп отыр. Бұған дейін Түркістан қаласы облыстық маңызы бар қала ретінде салықтың бағалау құны үйдің 1 шаршы метріне 12000 теңге болса, […]
Пікір қалдыру