Оңтүстік Қазақстан сегіз айда 3 мың тоннаға жуық ет экспорттады (видео)

Жыл өткен сайын Оңтүстік Қазақстан облысының сапалы ет экспорттау әлеуеті артып келеді. Бұған дейін буферлі аймақта болып келген Оңтүстік Қазақстан облысы таяуда аусылдан азат аймақ мәртебесін иеленді. Айта кету қажет, бұл аграрлы аймақтың етті экспорттаудағы шектеулерді жойып, жаңа нарыққа жол ашып отыр.
Мәселен, осы жылдың сегіз айында өңірден 330 тоннадан астам ірі қара мал мен қой еті және «Ордабасы құс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі сомасы 1 млрд. 708 млн. теңге болатын 2 485 тонна күрке тауық етін алыс-жақын шетелдерге экспортталған. Ал, жалпы аймақты ала болсақ, биылғы жылдың он айында өңірде 173,2 мың тонна ет өндіріліпті.

Өңірдің экспорттық әлеуетін арттыру бойынша Иран Ислам Республикасына жүгері мен қой етін тасымалдау мәселесі бойынша қарқынды жұмыстар жүргізіліп жатса, бүгінде Сауд Аравия, БАӘ мен Ирак мемлекеттеріне қой етін экспорттау бойынша алдын-ала келісімдер бар.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*