Абайтанушымен кездесу өтті

Қаламыздағы А. С. Пушкин атындағы Оңтүстік Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында белгілі Абай танушы ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор, қоғам және мемлекет қайраткері ОҚО-ның құрметті азаматы, М. Әуезов атындағы Гуманитарлық ғылыми ғылыми зерттеу институтының директоры Мекемтас Мырзахметұлымен сұхбат кеші өтті. Кездесу барысында белгілі ғалым Абай мұрасын қазақ халқының руханияты мен мәдениетінің символы ретінде негізге ала отырып сөз қозғады. Сондай-ақ ұлы ақынның ілімі халықтың рухани жаңғыруымен тығыз байланысты, ал даналығы қазіргі заманмен үндес екендігін етене жеткізді. Сондай-ақ Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласына кеңінен тоқталып, жаһандану жағдайында ұлттық жэңғыру үдерісін тарихи-мәдени, ғылыми, танымдық, тәрбиелік тұрғыда жүзеге асыру керектігіне кеңінен тоқталды. Өңірімізге белгілі зиялы қауым өкілдері мен студент жастары қатысқан жиында Абай атамыздың өлеңдері оқылып, қара сөздері айтылды. Сондай-ақ жастар Мекемтас Мырзахметұлына көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, пікір алмасты. Осылайша мәнді де мағналы кеш өз деңгейінде өтті.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*