Төлебиліктер күзгі көшеттерін екті

«Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын» деген аталы сөзді ұран еткен төлебиліктер күзгі көшеттерін екті. Ағаш отырғызу адам өміріндегі ең маңызды істердің бірі деген аудан тұрғындары игі іске жұмыла кіріскен. Ауыл-аймақты көріктендендіруді жолға қойған Төлеби ауданында ауыз толтырып айтарлық істер көп-ақ. Осындай сауабы мол іске бастамашы болып жүрген ауылдық округ әкімдіктері, «Туған жер» бағдарламасы аясы шеңберінде түрлі көшеттер отырғызды. Атап айтсақ, 5950 түп – өрік көшетін, 500 түп – арша және 16 мың түп – қарағаш көшеттерін әкеліп, екті. Қайырлы іске аудан тұрғындары да бір кісідей ат салысқан екен. Айта кетейік, қарағаш көшеттері ОҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына қарасты Қазығұрт ауданындағы «Жасыл желек» тұқымбағынан әкелінген. «Адамдардың ең жақсысы басқаларға пайдасы тигені» деген жақсы сөз бар қазақ халқында. Ағаш жемісімен, жапырақтарымен, көлеңкесімен және отынымен бізге пайдалы. Ойлап қарасақ, білім алатын бүкіл кітаптар, қағаздар, үйіміздің есігі, терезесі, үстелдер және тақталар, тағы да басқа көптеген заттар ағаштан жасалады. Осы ағаштардан жасалған дүниені қалай пайдалансақ, келешек ұрпағымыз үшін әрбір ағашты солай қорғауға тиіспіз», — дейді тұрғындар.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*