Шардарадағы үйлер көркейіп келеді


Шардарадағы көпқабатты үйлер жаңғырып, жаңа кейіпке енді. Шардарадағы 8 көпқабатты үйдің шатыры ауыстырылып, қас беті боялып, кәріз жүйесі жөндеуден өтті.
Жаңғырту бағдарламасы бойынша жүргізілген жұмыстар үшін тұрғындар ай сайын 3 мың теңгедан 10 жыл бойы төлейді. Ал жауаптылар көпшілікті КСК құруға үгіттеуде.
Шардара қаласы әкімінің орынбасары Богенбай Тұрғанбетұлының сөзінше, алдағы уақытта тағы да 11 үй жөндеуден өткізілмек. Жөндеу жұмыстарына бюджеттен 140 млн. теңге бөлініпті. Үйлердің басым бөлігі жекешелендірілгендіктен маман, тұрғындарды КСК құруға үгіттеуге.
Жаңарып, жаңғырып, жөндеуден өткізілген көпқабатты үйдің тұрғындарының тағы бір үміттері бар. Ендігі жерде табиғи газ жүргізіп, не болмаса жылумен қамтамасыз етсе дейді. Олай дейтін де жөні бар. Өйткені көпқабатты үйдің тұрғындары пәтерлерін қатты отынмен және газ баллондарымен жылытып отыр. Оның қаншалықты қауіпті екені белгілі. Бұған әкімдіктің де жауабы дайын. Жақын арада газдандыру мәселесі шешімін табатын болады деп сендірді.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*