ОҚО-да биыл білім нысандарына 31,9 млрд. теңге бөлінген

Оңтүстік Қазақстан облысында ағымдағы жылы 11-сыныпты бітірген 33 мың мектеп бітірушінің орнына 73 мыңнан астам оқушы бірінші сыныпқа қабылданған. Нәтижесінде өңірде оқушы орнына деген тапшылық байқалып жатқанын айта кеткен жөн. Яғни, шәкірттердің күрт өсуі өңірдегі мектеп тапшылығын туындатары анық. Аталған мәселені шешу мақсатында 2017 жылы облыс көлеміндегі 79 білім нысанының құрылысына 31,9 млрд. теңге бағытталып, биыл 31 нысанды пайдалануға беру жоспарланған.  Бүгін бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облысындағы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық білім басқармасының басшысы Исатай Сағындықов мәлім етті.  «Олардың 991-і жекеменшік, ал бұл жалпы мектепке дейінгі ұйымдардың 58 пайызын құрайды. 2017 жылы жалпы 8805 орынға 108 мектепке дейінгі ұйымдар іске қосылды. Сондай-ақ, 3-6 жастағы балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту биыл 82,5 пайызға дейін өсті.  Жыл соңына дейін қосымша 7 815 орынға лайықталған 45 мектепке дейінгі ұйымдар ашылып, балдарды қамту 85,5 пайызды құрайтын болады», -деді Исатай Өмірзақұлы.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*