ОҚО-да «Connection point» қызметін 1 миллионға жуық азамат пайдаланған

Оңтүстік Қазақстан облысында жалпы 33 Халыққа қызмет көрсету орталығы қызмет көрсетеді. Қорытындылай айтқанда, 2017 жылдың 10 айында 5 миллионға жуық қызмет көрсетілген. ХҚКО-ның бөлімдерінде азаматтар мемлекеттік қызметті өздігінен алу үшін «Connection point» (өзіне-өзі қызмет ету секторы) жүйесі жұмыс атқаруда. Ағымдағы жылдың 10 айында бұл қызмет түрін 1 миллионнан астам азамат пайдаланған. Бүгін бұл туралы ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің директоры Еркебұлан Әлсейітов мәлімдеді.Сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі жандарға да мемлекеттік қызмет түрлерін көрсету жұмыстары жалғасын тауып келеді. Мәселен, 1 және 2-топ мүгедектігі бар адамдар мемлекеттік қызметтерді үйлерінде алып отыр.

«2017 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша ХҚКО-ның бөлімдері азаматтардың үйлеріне бара отырып 5 мыңға жуық қызмет көрсетті. Сонымен қатар, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында сөйлеу және есту қабілеті бұзылған азаматтарға мемлекеттік қызметтерді көрсетуде жаңа сервис пайда болды. Бүгінде өңірдегі ХҚКО-да сурдоаударма тілін меңгерген 89 маман жұмыс істеуде», — деді Еркебұлан Асанбайұлы.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*