ОҚО-да биыл 17 мың педагог біліктілігін арттырған

Оңтүстік Қазақстан облысында 2017 жылы 17 мың педагог біліктілігін арттырды. Сондай-ақ, аудандарда мобильді топтар құрылып, облыстың алдыңғы қатарлы мұғалімдері әріптестеріне он-лайн режимінде сабақ өткізіп, озық тәжірибелерімен бөлісуде. Бұл туралы ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық білім басқармасының басшысы Исатай Сағындықов мәлім етті. Оның айтуынша, өңірдегі 61 мектеп биология, химия, физика және информатика пәндерін ағылшын тілінде оқытуды бастаған пилоттық мектептердің тізіміне еніп отыр. Сонымен қатар, облыс бойынша 18 жасқа дейінгі даму мүмкіндігі шектеулі бала саны 35 мыңнан асқан. Облысымызда ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған арнайы 12 мектеп-интернаттар, 5 балабақша мен кеңес беру мекемелері және оңалту орталығы қызмет етеді.«Сондай-ақ, «Баршаға тегін кәсіптік-техникалық білім» жобасы негізінде облыста 2017-2018 оқу жылында 75 мыңға жуық студент білім алуда. Облыстық бюджет есебінен 91 мамандық және 160 біліктілік бойынша мамандар даярлануда. Аталған мемлекеттік бағдарлама аясында көпбалалы отбасынан 3 мыңға жуық бала, 220 жетім бала және аз қамтылған отбасынан 8 мыңнан астам бала білім алуда», — деді Исатай Өмірзақұлы.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*