ОҚО-да 61 мектеп техникалық пәндерді ағылшын тілінде оқытып бастады

Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының басшысы Исатай Сағындықовтың айтуынша, 61 мектеп биология, химия, физика және информатика пәндерін ағылшын тілінде оқытуды бастаған пилоттық мектептердің тізіміне еніп отыр. Сонымен қатар, облыс бойынша 18 жасқа дейінгі даму мүмкіндігі шектеулі бала саны 35 мыңнан асқан. Облысымызда ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған арнайы 12 мектеп-интернаттар, 5 балабақша мен кеңес беру мекемелері және оңалту орталығы қызмет етеді.

Бұдан бөлек, «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының» бірінші бағыты бойынша 4500-ден астам студент 26 жұмысшы мамандықтары бойынша оқумен қамтылған.

Айта кететіні, білім басқармасы тарапынан облыстағы білім беру ұйымдарының басшыларын тағайындау үшін арнайы комиссия құрылып отыр. Қазіргі таңда комиссиясының үш отырысы өтіп, оған жалпы саны 131 үміткер қатысыпты. Нәтижесінде барлық үміткердің 120-сы заң талаптарына сәйкес келеді деп танылса, комиссия шешімімен қалған 11 үміткердің біліктілік талаптарына сәйкес келмейтіні анықталған.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*