Нұртас Адамбай мемлекеттік арналардағы жемқорлықты жайып салды

«Келинка Сабина» фильмімен еліміздің кинотеатрларынан ең көп қаржы жинаған режиссер, продюссер Нұртас Адамбай, tengrinews.kz порталындағы «The эфир» айдарына сухбат берді. Сұхбат барысында жүргізуші Фима Иванов, Нұртасқа «неге телесериял түсірмейсің» деп сауал қойған болатын. «Біздегі жекеменшік арналардың жақсы сериял түсіруге қаржысы жетпейді. Шынымды айтсам, 3 тиынға менің жұмыс істеп, телесериял түсіргім келмейді. Бір сериялдың маусымында 500 минут түсіруің қажет. Ал, 500 минутты түсіру оңай емес.»  дейді.

Дегенмен,  Нұртас Адамбайдың айтуынша жақсы теле өнім жасауға мемлекеттік арналардың қаржысы жетеді. Бірақ…«Қазақстан, Хабар секілді қомақты бюджеті бар мемлекеттік телеарналар бізге ұсыныспен шықпайды. Менің ойымша, ондай тапсырыс алу үшін біреумен «бірдемені» бөлісу қажет шығар!? Дәлелім жоқ, бірақ әдетте солай болып жатады. Біреуге қоңырау шалып, біреудің бір жерін жалап, жалынғымыз келмейді. Біз одан өтіп кеттік. Алайда ешқашан ондаймен айналысқан емеспіз. Бізде бір студия бар. Директоры менің жақсы танысым. Олар телесериял түсірді. Маған сценарий жазып бере аласыңба деп еді. Досым жаза алмаймын, уақтым жоқ деп бас тарттым. Арадан біршама уақыт өткеннен кейін, қалай түсіріп жатырсыңдар деп сұрағанмын. Әрең үлгеріп жатырмыз, ары-бері шапқылап түсіріп шаршап кеттік деп жауап қатты. Түсірген сериялдарың қызықпа деп едім.  Оны уайымдап жатқан ешкім жоқ. Бізге тезірек түсіріп, қолдарына бірдемені ұста та салуымыз қажет болып тұр. Өйткені, ана жақта бәрі «фщет, фщет,фщет» бөлініп қойған. Әркім ол жерден қанша таба алады, қанша «откат» алады, сол қызық. Ал, контенттің қызық, қызық еместігі ол 17 сұрақ. Соңына келгенде, көрермендер сол болмашы бірдемені көреді. Сол себепті бізде осындай контент, осындай сапа. Өйткені, арналарда қызықты дүниелер түсіруге қызығушылық санаулы адамда ғана бар. Бірақ, бәрінде емес» деді Нұртас Адамбай.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*