ОҚО полицейлері «Жастар нашақорлыққа қарсы» атты науқанға қатысты

 Облыстық ішкі істер департаментінің есірткіге қарсы күрес басқармасы мен білім беру басқармасы, сондай-ақ салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы ұйымдастырған шараға мектеп оқушылары белсенділік танытты.

Жастар арасында нашақорлықтың алдын-алу мен мектеп оқушыларын отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында өткен шара аясында «Жастар арасында нашақорлықтың алдын-алу» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Онда балалар «Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз!» тақырыбында шағын жарнамалар дайындап, «Біз -жастар, спортты және салауатты өмірді таңдаймыз» атты спорттық би жарыстары өтті. Сайысқа облыстың қала-аудандарынан келген 10 топ қатысты. Балалар сондай-ақ өздерінің білімдерін түрлі спорттық жаттығулар мен бимен көрсетті. Бидің типтоник, брэйкданс, хип-хоп сияқты түрлерін көрсетті. Сондай-ақ салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында флешмоб өткізді. Байқау қортындысымен барлық жеңімпаздар грамоталар мен бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Сонымен қатар, оқушылар полицейлермен кездесті. Онда нашақорлықтың алдын-алу тақырыбын қызығушылықпен талқылап, ішкі істер қызметкерлеріне сұрақтар қойды. Тәртіп сақшылары оларға есірткі затының зиянды екенін атап өтіп, салауатты өмір салтын сақтау керектігін ескертті.

 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*