Көксарай ауылында өткен «Алтын күз-2017» жәрменкесінде шаруалар марапатталды

Отырар ауданынындағы Көксарай ауыл округінде өткен «Алтын күз-2017» ауыл шаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесінде ауыл әкімі Әбдірахман Мәуленқұл үздік ауылшаруашылығы еңбеккерлерін аудандық мәслихаттың мақтау қағаздары мен ауыл округі әкімінің алғыс хаттарымен марапаттап, бағалы сыйлықтар табыстады. Биыл көксарайлық дихандар мал шаруашылығы, түйе шаруашылығы, бау-бақша өнімдерін өндіруде үлкен жектістіктерге қол жеткізді. Ауыл округіндегі шаруақожалық төрағалары Қуандық Шалқар, Атабекова Кенжегүл, Раушан Сейдалиева, Нүркен Есмырзаев, Нұрлан Нұрашовтар бау-бақша өнімдерін дамытуға өз үлестерін қосса, «АгроНұр-Азия» ЖШС төрағасы Саттарқұлов Қайрат түйе шаруашылығында мол табысқа кенелген. Ал, Кәдірберді Жексенбай ауылдағы «Үздік мал өсіруші» атанды.
Мереке одан әрі концерттік бағдарламаға ұласып, ауыл өнерпаздары жиналған қауымға ән-билерін тарту етті. Шара барысында мектеп оқушылары арасында ұлттық спорт Қазақ күресінен жарыс ұйымдастырылып, бозкілемде жас балуандар бақ сынады. Көпшіліктің назарын өзіне бұрған тартысты сайыс жеңімпаздары марапатталып, сыйлықтар табысталды.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*