Отырарда ауыл әкімдері есеп берді

Шәуілдірде Отырар ауданы әкімінің міндетін уақытша атқарушы Рыскелді Әліштің төрағалығымен кезекті аппарат мәжілісі өтті. Жиында облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың тапсырмасына сәйкес аудан орталығы мен ауыл округтерінде жұмыс жасайтын әлеуметтік дүкендер мен базарлардың жұмысын жандандыру және ауылшаруашылығы саласы жоспарларының орындалуы барысы туралы мәселелер сөз болып, атқарылуы тиіс жұмыстар пысықталды. Мұнан соң күн тәртібіндегі мәселе бойынша Сырдария және Арыс өзендерінің бойында орналасқан елді мекендердегі көктемгі су тасқынын болдырмау және қорғау шараларының барысы туралы Көксарай, Маяқұм, Балтакөл, Талапты, Қарақоңыр ауыл округтері әкімдерінің есебі тыңдалды.
Көксарай ауыл округі әкімі Әбдірахман Мәуленқұлдың баяндауынша ауыл маңынан өтетін Сырдария өзені арнасының маңы күнделікті бақылауға алынған. Ондағы Есіркеп, Көларық, Көксарай каналдарының бастауы топырақпен көміліп, дамбылар биіктетілуде. Бұл жұмыстарға жергілікті кәсіпкер Ә.Есмырзаевтың көмегімен арнайы техникалар жұмылдырылып, жұмыстар атқарылуда.
Баяндамашылардың сөзін мұқият тыңдаған Рыскелді Салхутдинұлы көтерілген мәселенің күрделілігін айта келе, кезек күттірмейтін мәселені жан-жақты пысықтап, бекітілген іс-шара жоспарына сәйкес нақты жұмыстар атқаруды тиісті сала басшыларына тапсырды.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*