Отырарда мүмкіндігі шектеулі балаларға күндізгі қатынау бөлмесі ашылды

Отырар ауданындағы мүмкіндігі шектеулі жандарға қызметтермен тиісті көмек көрсететін Отырар ауданы әкімдігінің «Үйде әлеуметтік қызмет көрсету» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жанынан құрылған Күндізгі қатынау бөлмесінің ашылу салтанаты болды. Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі балаларды қоғамға бейімдеу, болашаққа деген сенімдерін арттыру мақсатында өткен шарада арнайы бөлменің лентасын аудан әкімінің орынбасары Әбдіғали Жүнісов қиды. «Елбасымыз халыққа арнаған әр Жолдауында әлеуметтік мәселелерге ерекше көңіл бөліп келеді. Міне, Нұрсұлтан Әбішұлының сындарлы саясатын жүзеге асыру мақсатында бүгінгі ашылып отырған күндізгі қатынау қызметінің балаларға берер көмегі мол деп есептеймін. Өйткені олардың қоғамға етене араласып, өзгелермен тіл табысуларына, өмірге деген құштарлықтарын арттыруға оң септігін тигізбек» деген аудан әкімінің орынбасары бөлменің алдағы қызметіне сәттілік тіледі.
Заманауи жабдықтармен қамтылып, арнайы мамандармен толыққан жаңа бөлменің ашылуы балалармен қатар олардың ата-аналарын да ерекше қуантты.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*