Отырарға 2 миллиардқа жуық инвестиция тартылған

Отырар ауданында, аудан әкімінің міндетін атқарушы Рыскелді Әліштің төрағалығымен кезекті аппарат мәжілісі өтіп, онда екі мәселе қаралды. Жиында аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Ержан Оралбай «Бизнестің жол картасы-2020» және «Үдемелі индустриялды инновациялық даму» бағдарламаларының орындалу барысы туралы кеңінен баяндады. Сонымен қатар, бөлім басшысының айтуынша 2017 жылдың есепті мерзімінде негізгі капиталына тартылған инвестиция көлемі 7 млрд. 974млн. 700 мың теңгені құрады. Оның ішінде жеке тартылған инвестиция көлемі 2 есе артығымен орындалғанын айта кету керек. Мұнан бөлек ауданда инвестициялық ахуалды дамыту мақсатында «Dala Solar» күн сәулесінен электр энергиясын өндіру жобасы қолға алынып жатыр. Күн тәртібіндегі екінші мәселе «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың» 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының Отырар ауданы бойынша орындалуы бойынша аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Қалдира Кизбай баяндама жасап, 2017 жылдың 10 айында атқарған жұмыстарға тоқталды.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*