Отырарда әлеуметтік азық-түлік дүкені ашылды

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевтың тапсырмасына сәйкес барлық аудандар мен ауыл округтерінде әлеуметтік дүкендер мен базарлар ашу тапсырылғаны естеріңізде болар. Осыған орай, берілген тапсырмаға сай бүгінде аудан орталығында аудан әкімдігінің қолдауымен әлеуметтік азық-түлік дүкені ашылды. Аталмыш әлеуметтік сауда орнын жеке кәсіпкер Ербол Пазылбековтің халық игілігі үшін ашқан сауда орнында күнделікті тұтынатын тауарлар бағасы нарықтағы бағамен салыстырғанда 15-20 пайыз төмен сатылып жатыр. Сонымен қатар, жергілікті тауар өндіруші кәсіпорындардың да тауарлары арнайы әкелініп, халыққа ұсынылып отырғанын айта кеткен жөн. Әлеуметтік азық түлік дүкенінің ашылу салтанатына Отырар ауданы әкімінің орынбасарлары Рыскелді Әліш, Пердехан Жаппарқұлов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мырзабай Өксікбаев және тиісті сала басшылары арнайы келіп қатысты. Өйткені, мұндай халық игілігі үшін маңыздылығы айрықша әлеуметтік дүкендер алдағы уақытта өзге де ауыл округтерінде ашылады деп күтіліп отыр.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*