ОҚО-дағы Сайрам ауданында 52 млрд. теңгенің ауыл шаруашылығы өнімі өндірілді

Биыл Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданында 52 млрд. теңгенің ауыл шаруашылығы өнімі өндірілген. Ал егістік көлемі 49 мың гектарға жетіп, тамшылатып суару әдісі 624 гектарда қолданылуда. Бұл жетістіктерді алдағы жылда да арттыра түсу үшін, ауданың потенциалын барлық салада тиімді пайдалуымыз қажет. Бүгін бұл туралы Сайрам ауданында өткен «Алтын күз» мерекесіне қатысқан облыс әкімі Жансейіт Түймебаев мәлім етті.

Өңір басшысы ауданға іссапары барысында бірқатар әлеуметтік нысандардың жұмысымен де танысты. Соның бірі – Мұхтар Оразалиев атындағы «Ұлан» спорт кешені болатын. Жобалық құны 120 млн теңгені құрайтын кешен еліміздегі барлық жастағы аяқдопшылар үшін қолайлы жағдайлар жасалған. Жалпы алаңы 1,5 гектарды құрайтын нысанда екі үлкен, 2 кіші футбол алаңшалары жұмыс істейді. Мұнда жас спортшылардың жыл он екі ай спортпен шұғылдануына барлық мүмкіндіктер қарастылған. 2011 жылы іске қосылған кешеннің жайлы қонақ үйі, спортпен шұғылдану және жуынатын бөлмелері де бар.Облыс әкімі жас спортшыларды баулуға үлес қосып отырған кешеннің жұмысына оң бағасын беріп, әлеуметтік аз қамтамасыз етілген отбасы балаларына да қолғабыс білдіріп тұруға кеңес берді.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*