Шымкентте өткен «RIC ON KO’RME» атты жәрмеңкесінде 35-40 шақыт кәсіпкер өз тауарларын нарықтан төмен бағада сатты

Шымкентте өткен «RIC ON KO’RME» атты жәрмеңкеде 35-40 шақты кәсіпкер өз тауарларын нарықтан төмен бағамен сатылымға шығарады. Олардың ішінде азық-түлік: ет және сүт өнімдері, балық және шұжық өнімдері, жеміс-жидек, көкөністер басым бөлігін құрайды. Одан бөлек, жеңіл өнеркәсіптік тауарлар, қолдан жасалған бұйымдар, құрылыс материалдары, сондай-ақ балалар үшін ойыншықтар да бар. Ең бастысы бұлардың бәрі оңтүстікте жасалынып, біздің орталықпен қаржыландырылған.

Айта кету керек, аталмыш шара Елбасымыздың халыққа жолдауы, рухани жаңғыру аясында қолға алынып, басқа да ұйымдарға әлеуметтік шараларды өткізуді насихаттауды көздейді. Сондай-ақ, «RIC ON KO’RME» атауы компанияның латын әліпбиіне көшуді қолдайтынын көрсете отырып, өңір халқын да латын әліпбиіне көшу кезеңіне белсенді ат салысуға шақырады.

Естеріңізге сала кетейік, облыс әкімі Ж.Түймебаев азық-түлік тауарлары бағаларын тұрақтандыру және тауар өндірушілер мен диқандарға өз өнімдерін саудалауға мүмкіндік беретін әлеуметтік базар ашу бойынша тапсырма берген болатын. Аталмыш шара, игі істің бастауы болып, әлеуметтік базарлардың көбейуіне тың серпін береді, деп күтілуде.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*