ОҚО-да «Өрлеу» жобасына қатысушылардың саны 75,2 пайызға артқан

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мәжіліс залында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпованың қатысуымен жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек көрсету бойынша тиісті мекемелердің дайындық барысы кеңінен талқыланды. Жиынды облыс әкімінің орынбасары Ербол Садыр ашып жүргізіп отырды.

Басқосуда сөз алған облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Мұхит Отаршиев 2018 жылы жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек 300 мыңға жуық адамға көрсетілетінін жеткізді.«Биыл облысымызда «Өрлеу» жобасын іске асыру үшін 22,8 мың отбасы шартты ақшалай көмекпен және 27,3 мың адамды жұмыспен қамту жоспарланған болатын. Егер 2016 жылы облыстағы «Өрлеу» жобасына қатысушылардың саны 26,3 пайызды құраса, 2017 жылы жоспарланған көрсеткіш 75,2 пайызға дейін артқан. Сондай-ақ, бүгінгі таңда облыста 260 отбасы атаулы әлеуметтік көмек және 62,2 мың отбасы 18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақы алуда», — деді Мұхит Отаршиев.

Айта кетейік, 2017 жылдың 1 қарашадағы есеп бойынша 118,9 мың адамға 7,2 млрд. теңгеге шартты ақшалай көмек тағайындалған. 2018 жылдың 1 қаңтардан бастап қазіргі ұсынатын үш түрлі әлеуметтік төлемдердің орнына атаулы әлеуметтік көмектің жаңа форматы енгізілмек.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*