Оңтүстікте атаулы әлеуметтік көмек көрсету бойынша тиісті мекемелердің дайындық барысы талқыланды

Шымкент қаласында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпованың қатысуымен жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек көрсету бойынша тиісті мекемелердің дайындық барысы талқыланды. Жиында сөз алған  вице-министр, зейнетақыны тағайындау жүйесі өзгеріп, тиісті әлеуметтік көмектердің көлемі ұлғаятынын жеткізді.«2018 жылдың 1 шілдесінен бастап базалық зейнетақы жүйеге қатысу өтіліне қарай беріледі. Егер бұл сома қазір 14 мың теңгені көрсетсе, 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап зейнеткерлердің аталған тобы ынтымақты және жинақтаушы зейнетақыға қоса 28 мың теңгені иемденетін болады. Ал 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап аз қамтылған отбасылар сомасы көбейген жәрдемақы алады деп жоспарлануда. Аталған жәрдемақы жұмыс істемейтін еңбекке жарамды отбасы мүшелерінің мемлекет ұсынған жұмыспен қамту шараларына қатысқанда ғана төленетін болады», — деді Светлана Жақыпова.

Жиын соңында облыс әкімінің орынбасары Ербол Садыр зейнетақы және жәрдемақы саласындағы жаңа өзгерістер жайлы өңір халқына түсіндіру жұмыстарын сала басшыларына күшейтуді тапсырды.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*