Мақтааралда асабалар қауымдастығы құрылды

«Той-халықтың қазынасы» дейміз-ау. Алайда, бүгінде осы тойға базынасы бар ағалар көбейді. Себебі, бұрынғы ша ұлан асыр той жасаймыз деп, қазақтың салтына сай келмейтін бей әдеп әрекеттер мен ысырапқа жол беріліп жатыр. Осыған орай, кешегі аптада Мақтаарал ауданында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру мақсатында «Той туралы толғансақ» деген атаумен үлкен жиын болып өтті. Оған себеп,қазір халық арасында той өткізу де жарысқа айналып барады. Бай-бағландар елімізге аты белгілі той асабалары мен эстрада жұлдыздарын шақырып жарысса, жастар жағы қымбат көліктерге мінбесе той серуеніне шықпайтын болды. Ал дүбірлі шарадағы ас та төк дастархан — өз алдына бөлек тақырып дейді ел ағары.
«Міне бүгінгі жиынның мақсаты — асабаларды мінеу емес түзеу болды. Тойда күлдірем деп бүлдіріп жатқан кейбір тамадалардың оғаш қылықтары жиында талқыға салынып, түрлі ұсыныстар айтылды» дейді Сапаралы Серікбаев.
 
Сонымен қатар, жиында бір фонограммамен бірнеше тойда сценарий құрып, ән айтатын әншілердің халыққа әбден жауыр болғанын ерекше сынға алынды. Мұнан бөлек, кей асабалардың мақал-мәтелдерді дұрыс айтпайтынына да өз қынжылыстарын білдірді. Кездесуді қорыта келе, аудандағы той өткізу мәдениетін бақылап, қадағалауға бағытталған асабалар қауымдастығы құрылды. Құрамы 7 мүшеден тұратын қауымдастыққа ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Пердеш Есенбеков төраға боп сайланды.
#onTOI

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*