ОҚО әкімінің орынбасары Б.Жамалов: «Мемлекеттік несиелер жаңа жылға дейін беріліп болуы тиіс»

Түркістан қаласында облыс әкімінің орынбасары Бауыржан Жамаловтың жетекшілігімен семинар өтті. Семинар жұмысына банк пен қаржлық қор өкілдері, кәсіпкерлер мен мемлекеттік қызметкерлер қатысты. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасына сәйкес, ұйымдастырылған шарада қала халқына облысқа бөлінген 2,6 млрд. теңге мемлекеттік несиесін алу мәселелері кеңінен сөз болғанын айта кету керек. 
Бұл қаржылар — Fortebank, Еуразия банкі, АТФ банкі, Нұрбанк, Сбербанк секілді екінші деңгейлі банктер мен «Ырыс» микрокредиттік ұйымы тарапынан берілетін болады. 6 пайыз жеңілдікпен берілетін несиені «Даму» қорының кепілдік қолдауымен алуға мүмкіндік бар. Облыс әкімінің орынбасары Бауыржан Жамалов өз сөзінде 2,6 млрд. теңге өңір кәсіпкерлеріне жыл соңына дейін берілуі тиіс екендігін айтып өтті. Егер аталмыш қаржылық ұйымдар белгілі бір себептермен қойылған талаптарды орындамаған жағдайда, олар жалпы соманың 25 пайыздық үстемесімен айыппұл төлейтінін қатаң ескертті. 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*