«Университет» мәртебесін алды

Биыл білім ордасы – Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтына — 80 жыл толып отыр. Аталған ұжымның мерейлі мерекелік шарасына ҚР Білім және ғылым министрі  Е.Сағадиев, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев, ҚР Парламенті Сенатының және Мәжілісінің депутаттары мен ҚР Ұлттық ғылым Академиясының академиктері, облыстық маслихат депутаттары және жоғары оқу орындарының реткорлары мен проректорлары қатысты.

Жоғарғы оқу орнын сексен жылдық меройтойымен құттықтаған облыс әкімі Ж.Түймебаев университет ұзақ жылғы даңқты тарихында үлкен беделге ие болғанын атап өтті.

«Сапалы профессорлық-оқытушылық құрамымен отандық ғылым мен білімнің көшбасшысы атанған бұл білім ордасы – 60 мыңға жуық педагогтар мен көптеген мемлекеттік және қоғамдық қайраткерлерге алтын ұя болды. Шымкент мұғалімдер институты болып ашылған 1937 жылдан бастап ұлттың зиялы, мәдени және рухани әлеуетін құрудың негізі бола білген университет күні бүгінге дейін қабілетті, бәсекелестікке алғыр жаңашыл мамандарды дайындап келеді. ХХ ғасырдың алғашқы жылдарында қоғамдық қажеттіліктен дүниеге келген екі жылдық мұғалімдер институты өз тарихында даму мен өркендеуге қол жеткізді»,-деді әкім.

Бұдан бөлек, салтанатты жиында жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу ісіндегі елеулі табыстары үшін «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісімен, ғылым және білім беру саласындағы ерекше еңбегі үшін «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін», «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгілерімен және Оңтүстік Қазақстан облысына сіңірген еңбегі үшін медалімен, облыс әкімінің грамотасымен жалпы саны отыз азамат марапатталды.

Айта кетейік, аталмыш оқу орны 1937 жылы Шымкент педагогика институты болып, 2011 жылы Елбасының тікелей араласуымен Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты болып қайта ашылды. Ағымдағы жылдың 17 қарашасында Үкімет қаулысымен институт – университет мәртебесіне ие болды.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*