Оңтүстік бюджеті талқыланды

Оңтүстік Қазақстан облысының бюджеті нақтылануда. Депутаттар алдағы 3 жылға арналған бюджетті нақытылауға кірісті.  Биыл бюджет 6 жарым млрд. теңгеге ұлғайып, жалпы қазына көлемі 518 млд. теңгені құраған. 

Бүгін облыс мәслихатының аумақтардың дамуы және табиғатты пайдалану жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшелері бас қосты. Халық қалаулылары экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы ұсынған бюджеттің жобасын талқылады. Нәтижесінде Ішкі істер органдары қызметкерлерінің лауазымдық жалақыларын 25 пайызға ұлғайтуға 570 млн теңге бағытталатын болды. Қаражат республикадан бөлінуде. Тәртіп сақшыларының жалақысына қаржы бөлуді мақұлдаған халық қалаулылары өз өлкелеріндегі шешімін таппаған су, газдандыру, ауылдағы емханалардың апатты жағдайлары мәселелерді көтерді.

Бұл тұрақты комиссияның мүшелері Шымкенттегі іскерлік әкімшілік орталығындағы нысандарды электр жарығымен қамтуға арналған сатнция құрылысын да тілге тиек етті. Қосалқы станциялар келесі жылы пайдалануға берілуі тиіс. Сонымен қатар мүмлекет мұқтажы үшін алынатын жерге қажетті қаржы бөлінетін болып шешілді.

 

 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*