Әрбір донор – қаһарман

   Донор қаны — адам өмірінің нәрі. Осыны мақсат еткен ОҚО «Жастар ресурстық орталығы» жанынан ашылған «Бізбен бірге» еріктілер мекетбінің жастары облыстық қан орталығында ерекше акция ұйымдастырды. Оңтүстіктің барлық жоғары оқу орындарынан келген 500-ге жуық жас өз еріктерімен келіп  қан тапсырды. Осы арқылы өңірдің басқа да жастарын қан тапсыруға шақырды.

    «Әрбір донор – қаһарман» қайырымдылық акциясынан түскен қаржы балалар үйіндегі бүлдіршіндерге көмекке жіберілетін болады. Бұл шараның тағы бір тиімділігі — қанға зәру науқастарға қолдау көрсету. 

   Ұйымдастырушылардың айтуынша, Республика бойынша қан тапсырудан ОҚО 9 пайызды құрайды екен.  Ал дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ақпарынша, мың адамның қырқы қан тапсырса, әлемде қан жетіспеушілігі болмайды. Сондықтан, денсаулығы жарамды әр азамат қанын тапсырып, өзгеге көмек қолын созуға асығуы керек екен. Айта өткен жөн, қан тапсыру акциясы  акция әр ай сайын өтеді деп жоспарланып отыр.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*