Түркістан төрінде «Елі сүйген, елін сүйген — Елбасы» көрмесі ашылды

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінде ашылған көрменің ашылу салтанатына Елбасы Н.Ə.Назарбаевтың Днепродзержинск техникалық училищесінде бірге оқыған курстасы Каримов Әсетулла, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ профессоры, Елбасытанушы Садықов Сейдолла,облыстық мәслихат депутаттары Тәңірбергенов Рахым, Сүйлейменов Баймахан, Түркістан қалалалық ардагерлер кеңесі мен ақсақалдар алқасының төрағалары мен мүшелері қатысып, жәдігерлер көрмесінің лентасын қиды.
Тарихи танымға толы шарада «Əзірет Сұлтан» қорық-музейі қорынан 100-ге жуық құнды дүниелер орналастырылса, оның ішінде Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 1985 жылы Қазақ ССР Министрлер кабинетінің басшысы, егеменді, тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Президенті тұсындағы, бауырлас Түркия Республикасының Президенттері Тұрғыт Озал, Сүлеймен Демирел, Ахмет Сезар, Абдулла Гүл, Р.Т.Ердоған, Өзбекстан Республикасының Президенті И.Каримовтармен Түркістандағы ресми кеңестері мен Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың сыйға берген Құран кітаптары, қазақ, орыс, ағылшын, түрік тілдерінде жарық көрген «Ғасырлар тоғысында», «Тарих толқынында», «Сындарлы он жыл», «Қазақстан жолы», «Казахстанский путь», «Бейбітшілік кіндігі», «Туған елім — тірегім», «Евразийский Союз идеи, практика перспективы», «Kutup Yildizi», «Nursultan Nazarbayev» атты жарық көрген кітаптары бар.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың өз қаламынан туындаған кітаптар мен ой-толғамдарында Қожа Ахмет Ясауидің рухани ілімі мен оның қазіргі кездегі қажеттілігіне баса назар аударып, оның тарихи-мәдени маңызына қатысты елеулі тың тұжырымдар түйіндесе, «Тарих толқынында», «Сындарлы он жыл», «Ғасырлар тоғысында» атты кітаптарында Ясауи қалыптастырған ілімнің құндылығы жөнінде де маңызды пікірлерін жолдады.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*