Арыста жаңа спорт кешені ашылды

Елбасымыздың «Туған жерге тағзым!» бастамасы аясында көптеген игі істер орындалып жатқаны рас. Арыс қаласына қарасты Байтоғай елдімекенінде спорт кешені ашылды. Тамаша тарту жасаған  — Хадиша Бижан. Кәсіпкер елден жырақта жүрсе де өскен жерін ұмытқан емес. Енді Қожатоғай ауылдық округінің жастары, Байтоғай елдімекені балаларының кез келгені  Нұртай Бижанұлы атындағы стадионға барып, футболдың қыр-сырын меңгеріп, салауатты өмір салтын қалыптастыруға мүмкіндіктері бар. 

 Спорт кешенінің лентасын Арыс қаласының әкімі Мұрат Қадырбек пен облыстық мәслихат депутаты Рабиға Қуатбекова арнайы қиды.Бұл спорт кешенінде футболшылар үшін барлық жағдай жасалған. Жасыл алаң, арнайы киім шешетін бөлмелер, бәрі де заман талабына сай.

 Сонымен қатар, жаңа спорт кешенінің ашылу салтанатында футболдан турнир ұйымдастырылды. Алматыдан, сонымен қатар, жергілікті жерден 12 команда қатысып, өзара мықтыны анықтады. Жеңіс тұғырынан көрінген спортшыларға арнайы сый-сияпат табыс етілді.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*