ОҚО әкімдігі мен «Назарбаев зияткерлік мектептері» арасында меморандумға қол қойылды

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі Жансейіт Түймебаев «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы мен аймақтағы білім саласының басшыларымен кездесті. Басқосу мақсаты – аталған оқу орнының озық педагогикалық тәжірибелерін өзге мектептерге тарату, аймақтағы инновациялық білім берудің сапасын арттыру. Кездесу барысында өңір басшысы бүгінгі таңда елімізде білім беру жүйесінің жаңа бағытқа бет бұрғандығын айтты.«Елбасымыз «Білім-ғылым-инновация» атты үштік үстемдікке бағыт алуымыз керек» деп атап өткен болатын. Ендеше, білім беру жүйесінің жаңа сапалық деңгейге өту қажеттілігі арта түсуде. Оңтүстігіміздегі инновациялық білім берудің сапасын арттыруда ортақ мүдделерге бірлесіп қол жеткізуді көздеп отырмыз. Негізгі мақсат – жан-жақты білімді, қабілетті жеке тұлғаны, еліміздің ертеңгі тұтқасын берік ұстауға дайын толыққанды жетілген мемлекетшіл, патриот жаңа буын қалыптастыру»,- деді Жансейіт Қансейітұлы.

Айта кетерлігі, Оңтүстік Қазақстан облысында педагог кадрларды қайта даярлауда биыл 17 мың педагог біліктілігін арттырған.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*