Оңтүстікте өткен «Қайырымдылық-қайырлы іс» форумында 4 миллионнан астам қаржы жиналды

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі мен Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай, «Қайырымдылық – қайырлы іс» форумы болып өтті.Шара барысында жиналған қаржы жайлы арнайы құрылған комиссия төрағасы Оңтүстік Қазақстан облыстық Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Орынбай Рахманбердиев айтып өтті.«Қорытындылай келе осында жиналған барша кәсіпкер, мемлекеттік қызметкерлер мен қоғам белсенділерінен төрт миллион тоқсан мың теңге қоржынға түсті. Сонымен қатар, бір миллион төрт жүз мың теңге тағыда науқас жандардың есепбіне аударылатын болды. Оның ішінде жекелей айта кетсек, Әбілқасым Досболов бір миллино теңге, Мұрат тағаев бес жүз мың теңге аударды. Мұнан бөлек мына Қазығұрт ауданының азаматтары бұл қайырымдылыққа өте белсенді қатысты.  Ондағы бес кәсіпкер, жүз мың теңгеден берді» деді.

 

 Жиылған қаржыдан 5 баланың ата-анасына 500 мың теңгеден тапсырылып, қалған қаражат толығымен Алматы, Астана қалаларындағы медициналық ұйымдарда ем алу үшін кезекте тұрған оңтүстікқазақстандық балалардың емделуіне жұмсалатыны белгілі болды.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*