Шымкенттік кәсіпкер Әбілқасым Досболов, ауыр науқас балаларға 1 миллион теңге берді

Шымкент қаласында Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі мен Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай, «Қайырымдылық – қайырлы іс» форумы болып өтті.Шарада барысында залға арнайы жәшік орнатып,  облыс басшылығы, облыстық мәслихаттың депутаттары, кәсіпкерлер, этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен белсенді мүшелері, облыстық ассамблея жанындағы құрылымдардың жетекшілері және өңір тұрғындары әлеуетіне қарай, қаражаттарын берді. Ал, кәсіпкер Әбілқасым Досболов, ауыр науқасқа шалдыққан балаларға 1 миллион теңге көлемінде қаржы бөліп, әріптестерін қайырымдылық жасауға шақырды.

суреттерді Асхат Әссанди түсірген

«Біз ауыр науқасқа шалдыққан жандарды қашанда қолдап-, қуаттап жүруіміз тиіс. Алла айтады бір қолмен берсең, бір қолмен аласың дейді. Не істесеңде алдыңнан шығады. Бірақ, таза, ақ ниетіңмен істеуің тиіс. Осында кәсіпкер әріптестерім отыр. Кеше ғана тоқсаныншы жылдардағы қиын кезде, Елбасы қолдап бәріміз аяғымыздан тұрдық. Енді біз неге халыққа, қоғамға жұмыс істемейміз? Біз қайтаруымыз керек Алланың бергенін. Солай деп ойлаймын өзім» дейді.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*