ОҚО-да өткен «Қайырымдылық-қайырлы іс» форумында жиналған қаржы кімдерге берілді?

Оңтүстікте 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен «Қайырымдылық – қайырлы іс» форумы өткізілген болатын. Шара барысында арнайы қойылған жәшікке кәсіпкерлер мен мемлекеттік қызметкерлерден, қоғам белсенділерінен 4 миллон 90 мың теңге жиналған еді. Бұл қаржының бір бөлігі бес жүз мың теңгеден ауыр науқас пен ауыратын бес балаға бөліп берілді. Сол бесеудің суретін көрсетпесек те, өздері жайлы қысқаша ақпарат беруді жөн деп таптық.

1) Алайдар Мирас Маратұлы- 2007 жылдың 28 қыркүйегінде дүгиеге келген. Сарыағаш ауданы, Көктерек ауылының тұрғыны.   Диагнозы, балалар церебальды параличі. Ауыр дәрежелі спастико-гиперкинезиялық формасы.

2) Төлебек Жұлдыз Дауытқызы- 2008 жылдың 15 ақпан күні туылған. Қазығұрт ауданы, Қонаев көшесінің тұрғыны. Диагнозы, гепатохолецистит, эсценсиалдық гипертензия. 3 дәрежелі семіздік. Гепототаламикалық синдром. Созылмалы турбулоинтертциалды нефрит.

3) Құрал Таңат Жомартбекұлы- 2000 жылы 20 мамырда туылған. Шымкент қаласы, Молдағұлова көшесінің тұрғыны. Диагнозы, анкилоздаушы спондиллит (Бехтеров ауруы). Перифериялық түрі, екі жақты скроилеит, оң тізе буынның синовиті, оң жақ табан шандыры энтезиті, белсенділік 2 дәреже, ФК 2 дәреже.

4) Тұрсынбекова Жанел- 200 жылдың 10 желтоқсанында дүние есігін ашқан. Диагнозы, балалар церебралды параличі.

5) Романов Ибрахим Сарвариддинұлы- Кентау қаласының тұрғыны. Диагнозы, резидуальды энцефалопатия.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*