ЖАСТАР – РУХАНИ ЖАҢҒЫРУДЫҢ БАСТАУЫ

Түркістан қаласының жастары Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын насихаттау мақсатында «Жастар рухани жаңғырудың жаршысы» атты қалалық жастар форумында бас қосты.Форумға қала әкімі Ә.Өсербаев өзі қатысып, кемел келешектің сенімін арқалаған жастарға жігер беріп, ұлттық жаңғыруымыздың ұлағатты тұстарынан, Елбасының сарабдал саясатында жастардың болашағы үшін жасалған мол мүмкіндіктер мен бағыттар туралы кеңінен әңгімеледі. Сонымен қатар болашақ ұрпақты жарқын жолмен тәрбиелеуді мақсат тұтқан Түркістан медицина колледжінің директоры Ғ.Бимурзаев та жастарға арнаған ұстаздық өнегелі ойларын ортаға салды.
Форум барысында қаладағы бірқатар жоғары және арнаулы орта оқу орындарының белсенді студенттері «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында баяндамалар жасады.
Сонымен қатар қала басшысы белсенді, әрі оқуда озат жастарды Алғыс хаттармен марапаттады.
Форумда «Жастар рухани жаңғырудың жаршысы» қалалық жастар форумының Үндеуін жариялады. Форум соңы өнерлі жастардың көңілді коцерттік бағдарламасына ұласты.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*