Ордабасыдағы ауылдарға газ құбыры тартылып жатыр

Ордабасы ауданы тұрғындарының 6,9 пайызы немесе үш елді мекен (Бөржар ауыл округіне қарасты Қайнар, Ынтымақ, Ұялыжар елді мекендері) табиғи газбен қамтылған. Қосымша Бадам елді мекенінің бір бөлігіне (305 абонент) кәсіпкерлер есебінен табиғи газ тартылған. Биыл Ықыластемір және Теспе ауылдарына газ құбырлары жүргізілуде.
2015 жылы облыстық бюджет есебінен “Бейнеу-Шымкент” магистральды газ құбырының 1393 шақырымында №19 “Темірлан” АГТС және АГТС-тан Ордабасы ауданының Темірлан елді мекені арқылы Арыс қаласына дейін тартылатын газ құбырының құрылысы басталды. Қазіргі таңда АГТС қондырғыларын қысымдау жұмыстары жүргізілді, жұмыстар аяқталуға жақын, газды қыздыру блогы жақын арада нысан басына жеткізіліп орнату жұмыстары жүзеге асады. Бекітілген өндірістік кестеге сәйкес газды қыздыру блогы орнатылғаннан кейін, нысан қабылданады.
№19 «Темірлан» АГТС-і іске қосылған соң, кезең — кезеңімен Қажымұхан ауыл округінің 7 елді мекеніне, Шұбар ауыл округінің 6 елді мекеніне, Қараспан ауыл округінің 14 елді мекеніне, Шұбарсу ауылына, Жеңіс ауыл округінің 2 елді мекеніне, Бөген ауыл округінің 2 ауылына және Бөржар ауыл округінің 3 ауылына (Бірлік, Жамбыл, Қалаш) газ құбыры тартылып, тұрғындар көгілдір отынмен қамтамасыз етіледі.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*