Ордабасы ауданының әкімі жастармен жүздесті

Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті күні қарсаңында Ордабасы ауданының әкімі Рашид Қайыпжанов, түрлі салада қызмет ететін ауданның белсенді жастарымен кездесіп, пікір алмасты. Бұл жүздесу еркін сұхбат түрінде өтіп, жастарға ерекше серпін берді деп айтуға болады. Өйткені, кездесу барысында аудан басшысы өзінің жастық шағынан естеліктер айтып, тəуелсіз мемлекетіміздің даму тарихынан сыр шертіп өтті. Сонымен қатар, жастар тарапынан қойылған сұрақтарға да жауап беріп, жоспарларымен бөлісті.Қазақ күресінен əлем чемпионы Əділжан Ыстыбаев, Төрткүл ауылынан жас кəсіпкер Арыстан Омар, мәдениет саласының жас қызметкері Берік Бейсенбай спорт пен мəдениет саласын дамыту бойынша бірқатар ұсыныстарын жеткізіп, бүгінгідей жылы жүздесу жалғасын тапса деген тілектерін айтып өтті. Өз кезегінде Рашид Үсіпханұлы ауданның дамуында əр жастың қосар үлесі маңызды екеніне ерекше тоқталып өтті. Сонымен қатар, жастарды өскелең ұрпаққа үлгі болуға шақырды.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*