Әлеуеті зор әлеуметтік сауда қатары

Облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың бағаны тұрақтандыру тапсырмасына сәйкес, барлық аудандар мен ауыл округтерінде әлеуметтік дүкендер мен базарлар ашу тапсырылған болатын. Берілген тапсырмаға сәйкес, қала әкімдігі мен «Арысбай» базарының әкімшілігімен ортақ меморандум түзіліп, қаламыздың орталық «Арысбай» базарында әлеуметтік базар нарығынан төмендетілген бағада азық-түлік тауарлары мен ауыл шаруашылығы өнімдерін сататын әлеуметтік сауда қатары ашылды.
Аталған сауда қатарының ашылуына қала әкімі М.Қадырбек, әкім орынбасы С.Дәрібай, кәсіпкерлер мен мекеме, бөлім басшылар, қала тұрғындары қатысты.
Халық игілігі үшін ашылған әлеуметтік сауда қатарында күнделікті халық тұтынатын тауарлар бағасы нарықтағы бағадан төмен бағада сатылуда.
Халық даналығында «Еңбегі көптің өнбегі көп» деген нақыл сөзіне орай жергілікті тауар өндіруші кәсіпорындардың да тауарлары әкелініп, халыққа ұсынылып, еңбектерінің жемісін көруде.
Мұндай халық игілігі үшін маңыздылығы айрықша әлеуметтік сауда қатарларының көбейіп, ауыл шаруашылығы тауарларын өндіретін диқандар мен шаруалардың ел игілігіне жұмыс атқаруына қолдау көрсетілетін болады.

Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*