Кентаулықтар «Мизам» мерекесін тойлады

   Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасы талай игі істің жаршысына айналды. Бағдарлама аясында Кентау қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің ұйымдастыруымен әдет – ғұрып және салт – дәстүрді, қала тұрғындары арасында ұмыт бола бастаған көне дәстүрімізді жаңғырту және кеңінен насихаттау мақсатында «Мизам – еңбек пен бірлік, татулық мерекесі» атты этнографиялық бағдарламасы өтті.

«Мизам» – күн мен түннің күз айында теңелу сәтіне орай тойланатын жалпыхалықтық мереке.

  Этнографиялық кеште Кентау қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Байболова Ақнұр Нұралықызы сөз сөйлеп, жыл бойы табысты еңбек еткен диқандар мен бағбандарға және кәсібін дөңгелетіп елге үлкен пайдасын тигізіп, жемісін көрсеткен ел ағаларына Кентау қаласы әкімінің орынбасары Мыңбаев Рашид Мамытұлы атынан алғыс хат табыстады. Қалалық этно-мәдени орталықтарының төрағалары өз тілектерін білдірсе, қарияларымыз бата берді. Іс шарада дəстүрлер мен əдет-ғұрыпты насихаттайтын көріністер көрсетіліп, дәстүрлі әндер шырқалды.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*