Оңтүстікте ауыз су жүйесін салуға республикалық бюджеттен 5 миллиардқа жуық қаржы бөлінген

Биылғы жылы Оңтүстік Қазақстан облысында ауыз су жүйесін салуға республикалық және облыстық бюджет есебінен 4,7 млрд. теңге көлемінде қаржы бөлініп, 25 елді мекенде құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Соның ішінде 5 елді мекен халқы жаңа ауыз су құбырларымен қамтылса, 3 елді мекендегі тозығы жеткен ауыз су жүйелері жаңартылатын болады. Қалған 17 елді мекендегі құрылыс жұмыстары 2018 жылы аяқталады деп күтілуде. Атқарылған жұмыстарға қаныққан өңір басшысы ауыз сумен қамту мақсатындағы жұмыстарды жүйелеп, бөлінген қаржылардың мақсатты жұмсалуына мән беруді тапсырды.

«Біздің мақсатымыз — халықты таза ауыз сумен қамтамасыз ету. Республика бойынша елді мекендерді ауыз сумен қамтуда 4-ші орында тұрмыз деп тоқмейілсуге болмайды. Облыс көлемінде ауыз сумен қамтылуы жағынан ең төменгі көрсеткіш Арыс қаласы мен Сарыағаш, Шардара аудандарында орын алып отыр. Осы олқылықтардың орнын толтыру қажет. Ауыз сумен қамту мақсатындағы жұмыстарды тиісті сала басшыларына жүйелеуді тапсырамын», — деді Ж. Түймебаев.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*