ОҚО әкімі ескі қалашықтағы жаңа археологиялық қазба жұмыстармен танысты

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Шымкент қаласындағы «Ескі қалашық» аумағындағы жүрзіліп жатқан археологиялық қазба жұмыстарымен танысты.

Қалашықтағы қазба жұмыстарын «Археологиялық сараптама» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізуде. Қазір мұнда археологиялық қазба жұмыстарының бірінші кезеңі басталған. Аумағы 1000 шаршы метр болатын жерасты қаласын аршыған археолог-ғалымдар көптеген тарихи жәдігер тапты.

Осындағы жұмыстарды аралап көрген аймақ басшысы бірінші кезекте аталған жұмыстарды тоқтатпауды және табылған жәдігерлерді сол қалпында сақтап қалу үшін қазба аймағын қорғау, қоршауды қала әкіміне тапсырды.

Сондай-ақ, әкім анықталған тарихы нысандарды есепке ала отырып, қайта қалпына келтіру ісін де қатар жүргізуді айтты.«Мынау көріп тұрғандарыңыз — Цитадель. Осының барлығын құртпай, жоғалтпай сақтауымыз қажет қой. Бұл 19 ғасырдың соңындағы суреттер.  Бұған енді бір жарым ғасыр өтті,  алайда біздің қорғанымыздан түк қалмаған. Ал жалпы тарихта   бір жарым ғасыр деген түк емес, ондаған ғасырларға сақтау керек.  Сондықтан түптен жойылмай тұрғанда,  дер кезінде осыны қолға алып, тиісті жұмыстарды  бастап  жалғастыруымыз қажет»,- деді аймақ басшысы.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*