Қыз тәрбиесі неден басталады?

Кәмелет жасқа толмаған жасөспірім қыздар арасында ерте жүктіліктің алдын алу, қазақ халқының әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерін қыз бала бойына сіңіре отырып , қыз балаға келешекте ана, ақ босағаның аруы,шаңырақтың құт-берекесі екенін ұғындырып, сыпайлыққа , инабаттылыққа баулу мақсатында Кентау қалалық білім бөлімінің ұйымастыруымен «Қыз тәрбиесі анадан» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Аталған іс-шараға Ардагер-ұстаз, «Демеу» қоғамдық қорының мұғалімі — Жолдасова Жұмакүл,Кентау қаласы «Әділет» басқармасының бас мамандары, 9-10-11 сыныптың қыз балалары, ата-аналар және мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты.

«Қыз тәрбиесі –ұлт тәрбиесі » тақырыбында  психолог мамандар баяндама жасап, қазақ қызы туралы көрсетілген бейнероликтерден  шынайы қазақ қызының бейнесімен қазіргі қазақ қызының бейнесі көрсетілді. Осы орайда ортақ пікірлер айтылды.

Ата-аналар комитетінің мүшесі Нұрмуханбетов Бекмұхамбет және №10 мектептің педагог ұйымдастырушысы Омаров Тұрар: «Теледидардан, компьютерден бір елі алыстамайтын жастар буыны қалыптасып келе жатыр. Кейбір ата-аналар баласымен араласуға да уақыты жоқ. Осыдан барып бала әке-шешесінен суып, көп нәрсені айтпайды. Қыз баланың тәрбиесіне ананың орны ерекше болғанықтан ананың қыз балаға жақын болуы, сырласуы керек», деп сөздерін аяқтады.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*