ОҚО әкімімен кездескен ҮЕҰ өкілдері өзекті мәселелерді ортаға салды

 «ОҚО Азаматтық Альянсы» заңды тұлғалардың қауымдастық нысанындағы бірлестігінің төрағасы Шәріпбек Жамалбек мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде ұзақ мерзімді 3 жылдық конкурс өткізу мәселесін көтерді. Ал, Шымкент қаласындағы мүгедектер қоғамдық бірлестігінің төрағасы Вадим Торопов Ордабасы, Сайрам, Бәйдібек, Түлкібас, Шардара аудандарында «Инва Такси» қызметін ұйымдастыру жөнінде ұсынысын жеткізді.Мұнан соң мінберге «Созақ жастары» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Біржан Саржанов,  «ҚР жергілікті соғыс және Ауғанстан ардагерлер одағы» ОҚО бойынша қоғамдық бірлестігінің төрағасы  Ғалымжан Майханов,  «Балаларды СПИД-тен қорғау орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Жаннета Жазықбаева,  «Дос-Демеу» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Жанысбек Өтегеновтер баяндама жасап, бірқатар ұтымды ұсыныстарын жеткізді.Жиынды қорытқан облыс әкімі  өңіріміздегі үкіметтік емес сектордың белсенділігін арттыру мақсатында бизнес құрылымдармен тығыз қарым-қатынас орнатып, ынтымақтастықта жұмыс атқаруға  шақырды. «Азаматтық қоғам институттары – билік пен бұқараның арасындағы көпір іспетті. Жалпы, қандай да бір істе  болмасын, өзара бірлік пен ынтымақтың арқасында, түсіністіктің нәтижесінде жүзеге асыруымыз қажет.  Осы ретте сіздерге тек үкімет қаржысына ғана қарап отырмай, бизнес құрылымдармен бірлесе, ынтымақтаса жұмыс істеуге шақырамын, яғни үкіметтік емес ұйымдар әлеуметтік кәсіпкерлікті арттыруға күш салуы тиіс. Сонда ғана қоғамның өміршең проблемаларын түпкілікті шешуге қол жеткізетін боламыз», — деді Жансейіт Қансейітұлы.

Жиын соңында өңір басшысы облыстағы белсенді үкіметтік емес ұйым өкілдерін  алғыс хатпен марапаттады.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*