«Менің елім — Қазақстан» облыстық патриоттық ән байқауы өтті

Жыл сайын дәстүрге айналған «Менің елім – Қазақстан» облыстық патриоттық ән байқауы биыл да жалғасын тапты. Бұл сайысқа облысымыздың аудан-қалаларынан келген 30 оқушы арнайы іріктеуден таңдалып алыныпты. Ұлтжандылық, отансүйгіштік. Жас ұрпақтың бойында осындай қасиеттер болмаса ұлт болып, мемлекет болып қалыптасуымыз мүмкін емес дейді ұйымдастырушылар. Олар бүгінгі ұрпақтың бойына патриоттыққа тәрбиені сіңіру үшін осындай байқаулардың берері көп дейді. «Жас ұлан жастар ұйымының мұрындық болуымен өткізілген ән сайысында өнерпаздардың барлығы жоғары дайындықпен келген. Олардың ішінде ерекше дауысымен көрермендер көңілінен шыққандар басым болды. Қатысушылар айбынымызды асқақтататып, рухты көтеретін патриоттық әндерді орындап сынға түсті.

Айта кетейік сайыстың бас жүлде иегері Астана қаласында өтетін Республикалық байқауға жолдама алады. Егер басты байқаудан жүлделі болса, еліміздің өнер бағытындағы кез-келген жоғары оқу орнының грантына ие болады. Еске салсақ, дәл осы сайыстан қатарынан екі жыл біздің өңірдің өнерпаздары бас жүлдені бермей келеді. Бұл жолы да жеңісті қолдан бермейді деп сенеміз.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*