ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА ОРДАБАСЫЛЫҚТАР БАСПАНАМЕН ЖӘНЕ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛДЫ

1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесі қарсаңында Ордабасы ауданының орталығында екі пәтерлі 14 коммуналды тұрғын үй тапсырылды. Осыған орай, ордабасылықтарға тұрғын үйлерді беру салтанатты шарасына Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев қатысты. Аймақ басшысы аудан орталығы – Темірлан ауылында «Қолжетімді баспана — 2020» бағдарламасы аясында облыстық бюджет есебінен салынған тұрғын үйлердің кілтін жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, кезекте тұрған әлеуметтік тұрмысы төмен  отбасыларға табыстап, жаңа қоныс берекелі шаңыраққа айналуын тіледі. Атаған үйлердің құрылысын жүргізген «Барыс-Тассай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі нысанды мерзімінде аяқтап, пайдалануға беріп отыр. Ордабасы ауданында барлығы 30 коммуналдық тұрғын үй бар. Мұндағы әр үйдің шаршы метрінің жалдау құны – 50 теңге болып белгіленген.

Айта кетейік, ауданда жалпы коммуналдық тұрғын үй кезегінде 243 адам тіркелген. Кезекте тұрған азаматтарды баспанамен қамту мақсатында аудан әкімдігі коммуналды көпқабатты тұрғын үйлерді салу үшін тиісті жұмыстарды жүргізуде.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*