Ордабасыда орта және шағын бизнестен түскен салық 400 миллионнан асқан

2017 жылдың қаңтар-тамыз айларында Ордабасы ауданындағы шағын және орта бизнес субъектілерімен өндірілген өнім көлемі 27,9 млрд. теңге ге жетті. Бұл көрсеткіш өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 108,8 пайызға артық болып отыр. Ал, одан түскен салық көлемі 406 млн. 431 мың теңгені құрағанын да айтпай кетуге болмас.

Шағын және орта бизнестің дамуы — Қазақстанның өркендеуінің кепілі деген ұстанымды алға тартқан жергілікті билік кәсіпкерлерге қолдау көрсетіп келеді. Мәселен, жергілікті деңгейдегі кәсіпкерлерге шағын несие ұйымдары арқылы құны 2 млрд. 135 млн. 700 мың теңгеге 4 318 жоба қаржыландырылды. Оның ішінде «Оңтүстік» аймақтық инвестициялық орталығы арқылы 1 жобаға 10 млн. теңге, «Ырыс» МҚҰ» арқылы 162 жобаға 314 млн теңге игерілді. «КазМикроФинанс(КМФ)» Төрткөл филиалы арқылы 1 045 жобаға 353 млн. 200 мың теңге, Темірлан филиалы арқылы 2 458 жобаға 914 млн. 500 мың теңге, «Арнур кредит» несие ұйымы арқылы 272 жобаға 143 млн. теңге несие үлестірілді. «Рамазан Агро» ЖШС 350 жобаны 300 млн. теңгеге қаржыландырып отыр.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*