Е.Айтаханов Арыс жағасын аралап қайтты

Бүгін Отырар ауданының әкімі Ерлан Айтаханов Шәуілдір ауылындағы Арыс өзенінің жағалауын қайта құру жұмыстарының барысымен танысты. Құрылыс жұмыстары жүріп жатқан нысанды құрылыс және су мамандарымен аралап шыққан аудан басшысы, бұл жоба аудандағы маңызы бар бірден-бір көрікті жобалардың бірі екенін ерекше айтып, құрылыс жұмыстарының сапалы жүргізілуін тиісті сала басшыларына тапсырды. Айта кеткен жөн, аталмыш жұмыстар бірінші кезекте ағысы қатты Арыс өзені жағалауын жойылып кетуден сақтап, су тасу қаупін азайту мақсатында қолға алынған болса, екінші жағынан маңызы бар жол бойын абаттандыру болып табылады. Өткен жылы Арыс өзенін мұз буған жоқ. Алдағы уақыттарда өзенді мұз буып, өзеннің бұрылысында орналасқан демалыс кешені мен тұрғын үйлерге қауіп төндірген жағдайда өзеннің жоғары жағынан арнасын бұру арқылы қауіпті сейілту жолдарын ойластыра отырып, нақты жоспар жасауды сала мамандарына міндеттеді. 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*