Отырарлықтар рыс өзенінің жағалауын демалыс орнына айналдырып жатыр

Қазір Арыс өзенінің Отырар ауданы аумағындағы жағалауын көріктендіру-көкалдандыру жұмыстары қызу қолға алынып жатыр.  Сол себепті, құрылыс жұмыстары толығымен аяқталған уақытта Арыс өзенінің маңы аудан тұрғындары мен қонақтары демалатын керемет демалыс аймағына айналатыны сөзсіз. Себебі, бүгінде демалыс орынының инфроструктурасы қайта жаңғыртылып, заман талабына сай безендірілген. Мұнда қазір демалушыларға арналған орындықтар, жарық шамдары мен қоқыс жәшіктері қойылғанын айта кету керек. Десек те аудан әкімі Ерлан Қуанышұлы мердігерлерге көшеттің бір – екі түрлерін ғана емес, әр түрлі декаративті ағаштар мен көшеттер отырғызудың маңыздылығын ерекше атап өтті. Бүгінгі таңда Арыс өзенінің арнасын таспен қаптау жұмыстары аяқталуға жақын қалды. Мұнан бөлек аудан басшысы Ерлан Айтаханов, демалушыларға арналған кешеннің көрікті жерінен Ұлы отан соғысының батырлары мен жауынгерлеріне арнайы ескерткіш пен мемориалдық кешен бой көтеруі тиістігін сала басшыларына мықтап тапсырды.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*