Шардаралықтар Тұңғыш Президент күніне арналған салтанатты іс-шараны атап өтті

Қаладағы Б.Соқпақбаев атындағы жалпы орта мектебінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай мерекелік шара ұйымдастырылды. Аудан басшылары алдымен қала мектептері әзірлеген көрмені тамашалады. Көрмеде мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлының өмірбаяны мен Қазақстанның даму кезеңдері, Рухани жаңғыру аясында аудан көлемінде атқарылып жатқан шаруалар кеңінен таныстырылды. Қала, ауыл әкімдері мен мекеме, ұйым басшылары, ауыл билері мен ақсақалдар қауымы жиналған салтанатты мерекеде аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Шомпиев баяндама жасады.«Бүгін шардаралықтар барлық қазақстандықтармен бірге ерекше мереке – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің күнін атап өтудеміз. Бұл мереке жаңа тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы ретінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың айрықша еңбегіне құрмет ретінде белгіленді. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан басшылығына қиын кезеңде келді. Алайда, мемлекет басшысының кемеңгерлігі мен саяси ерік-жігері қиындықтарды еңсеріп қана қоймастан, бүгінгі таңда еліміздің экономикасы қарқынды дамушы мемлекеттер қатарымен терезесі тең дәрежеде дамуына айрықша күш салып келеді», – деген Бауыржан Қуанышбайұлы аудан тұрғындарын айтуыл мерекемен құттықтады.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*