Тұңғыш Президент күні қарсаңында Шардараның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқандар марапатталды

Шардара ауданында Тұңғыш Президент күніне орай, түрлі салада ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына, көркейіп-гүлденуіне айрықша үлес қосып жүрген қызметкерлерді марапаттау рәсімі болды.Мәселен, былтыр ғана іске қосылған балық өңдеу зауытының басшысы, жеке кәсіпкер Талғат Жалғасбаев, аудандық ішкі істер бөлімінің полиция майоры Тілләбек Мұса, аудандық ішкі істер бөлімінің аға лейтенанты Оразхан Аманов, №1 аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Абай Сәкиев, аудандық «Өскен өңір» газетінің корректоры Гүлнар Ағманова, аудандық «Абай» Мәдениет сарайының көркемдік жетекшісі Ағабек Дөңбаев, «Балауса» балабақшасының меңгерушісі Эльмира Ерубаева, аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің әдіскері Пердебек Ибадуллаев, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ассистенті Мадияр Әбдібеков, «Ақ алтын» жалпы орта мектебінің мұғалімі Ерғали Мелдебек аудан әкімі Болатбек Қыстауовтың «Алғыс хаттарымен» марапатталды.
Мерекеге жиналған қауымды аудандық мәслихаттың хатшысы Бұлтбай Мүтәлиев те құттықтады.

«Нұрсұлтан Әбішұлының ерен еңбегі мен көреген саясатының арқасында ғасырда жасалар істер қысқа мерзімде жүзеге асты. Қазақ елінің тәуелсіздік алғаннан бергі бағындырған шыңдары жетерлік. Тарих үшін қас-қағым сәт болғанымен ширек ғасырдан енді ғана асып келе жатқан уақыт ішінде буыны енді беки бастаған ел әлемдік деңгейдегі алпауыттармен иық тірестіріп, тың бастамаларға ұйытқы бола алатындығын да паш етіп отыр», — деді Бұлтбай Лесбекұлы.
Аудандық мәслихат депутаттары атынан шардаралықтарды Тұңғыш Президент күнімен құттықтаған Бұлтбай Лесбекұлы «Шардара» мектеп-лицейі директорының орынбасары Гүлзакира Исаеваға, аудандық орталық аурухананың перзентхана бөлімінің меңгерушісі міндетін атқарушы Ардақ Әлменоваға, аудандық балалар және саз мектебінің қызметкері Ақтолқын Әбдиеваға, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы Шынболат Райхановқа, аудандық «Жастар ресурстық орталығының» қызметкері Олжас Төлепбергеновке аудандық мәслихаттың «Алғыс хатын» салтанатты түрде табыстады.
Мереке барысында аудандық «Абай» Мәдениет сарайының және аудандық балалар және саз мектебінің өнерпаздары әсем әннен шашу шашып, Елбасы сүйген әндерді нәшіне келтіре орындады.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*