ОҚО бюджеті 517 млрд 900 миллионды құрады

Жыл соңында әдеттегідей республикалық бюджет нақтыланады. Осыған байланысты жергілікті жерлерде өңірлердің басты құжаты қайта қаралады. Облыс бюджетінің жобасы бойынша қаржылар сала- салаларға бағытталды, енді оларды игеру, мақсатты жұмсау ғана қалды. 

Ағымдағы жылға арналған облыс бюджетінің көлемі 517 млрд 900 млн-ды құрады. Облыстық мәслихатының мемлекеттік-құқық мәселелері және жергілікті өзін-өзі басқару жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшелері 3 жылға арналған облыс бюджетінің жобасымен келісіп, өлкелердегі сайлаушылардың көтерген мәселелерін талқылауға көшті.  Тұрақты комиссияның төрағасы коммуналдық қызмет түрлеріне қойылған тариф тым қымбат екенін айтты. «Жолаушы» серіктестігінің құрылтайшысы, депутат Рахым Тәнірбергеновтың ісі ғана көпке үлгі. Коммуналдық тариф те, сұйық отын бағасы да шарықтап тұрған тұста, ұстанған қағидасынан жаңылған емес. Яғни, түркістандықтар әлі күнге дейін жол ақы үшін 40 теңге төлейді.
Осы тұтста, Облыс мәслихатының депутаты Бахарам Абдікаримов қоғамдық тыңдауларға қатысып, тарифтерді бекітуге қатысты пікірін жеткізді.
Тариф мәселесін ауызша талдап тастағандар облыс орталығындағы көлік қозғалысы мәселесін де қаузай кетті. Айтуларынша, қаланың қақ ортасынан жүретін жүк көліктер тыйылмай отыр. Жергілікті билік бұл мәселе бойынша тәртіп орнатамыз деп уәде берді. Алайда мерзімін нақтыламады.

 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*