Қазығұртта ауыл мектебі жағдайында дарынды балалармен жұмыс жүргізу мәселесімен семинар өтті

Ауыл мектебі жағдайында дарынды балалармен жұмыс жүргізу. Бұл мәселе республикалық семинарға түйткіл болған тақырып. Тақырыпты ортаға салу үшін мамандар  Қазығұрт ауданындағы Жамбыл Қаппаров атындағы №5 мамандандырылған физика-математикалық мектеп интернатында жиналды. Бұл білім ордасы республика бойынша үздік 10 мектептің қатарына кіреді. Мектеп түлектері жыл сайын үздік көрсеткішке қол жеткізіп келеді. Бүгін үздік білім ордасында өткен семинарда ұстаздар ауыл балаларын тәрбиелеудегі құпияларымен бөлісті.

 Қатаң білім сынағынан сүрінбей өткен оқушыларға ғана есік ашатын білім ордасындағы шәкірттер ғылым саласында да өз сүрлеуін айшықтап жүр. Оқушылар өздері ойлап тапқан тың жаңалықтарын семинарға қатысушылардың назарына ұсынды. Мақтаулы оқу ордасының түлектері жыл сайын ұлттық бірыңғай тестілеуде дәстүрлі түрде жоғары көрсеткішке қол жеткізіп, 100 пайыз мемлекеттік грант иегері атанады. Озық технологиялармен жабдықталған мұндай білім ошағы облыс орталығының өзінде некен саяқ…

 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*