Ордабасыда 28 отбасы жаңа пәтерге қол жеткізді

Бір шаршы метрі — 50 теңге. Айына төлейтіні 3500 теңге. Ордабасылық 28 отбасы енді айына осындай ақы төлейтін жаңа үйлерде тұрады. 1 желтоқсан — Тұңғыш президент күні қарсаңында облыс әкімі Жансейіт Түймебаев  Ордабасы ауданына жұмыс сапарымен барып, су жаңа  пәтерлердің кілтін табыс етті. 

 Темірлан елдімекеніндегі коммуналды үйлер облыстық бюджет есебінен салынған. Оған шамамен 342 млн теңге қаржы жұмсалған. Бас-аяғы 14 баспананың әрқайсысына екі отбасыдан қоныстанады. Бәрі де тұрғынүй кезегіне тұрған ордабасылықтар. Осылайша, мамандар баспана кезегін қысқартамыз дейді.

Айта кетейік, Ордабасы ауданында барлығы 30 коммуналдық тұрғын үй бар. Қазіргі уақытта коммуналдық тұрғын үй кезегінде 234 адам тіркелген. Яғни, 1-санат халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтағы азаматтар тізімінде — 162 жан, 2-санатта жетім балалар, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар тізімінде — 66, ал 3-санат мемлекеттік және бюджеттік қызметкерлер тізімінде — 15 адам кезекте тұр. Бүгінгі таңда аудан әкімдігі тарапынан көпқабатты коммуналды үйлердің құрылысын жүргізу жобалары әзірленуде. Құжаттар дайындалған соң, 2018 жылғы бюджетке енгізілуде.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*